Таяу Шығыстағы қақтығыстар кезінде мұнай бағасы күрт өсті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяу Шығыстағы қақтығыстар кезінде мұнай бағасы күрт өсті Фото:depositphotos.com

Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті. Brent маркалы мұнай бағасы бір барреліне 76 доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті. Brent маркалы мұнай бағасы бір барреліне 76 доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана уақытымен сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстерінің бағасы 4,73 пайызға өсіп, бір баррель үшін 76,7 доллар болды.

WTI маркалы мұнайдың тамыздағы фьючерстері 4,66 пайызға қымбаттап, бір баррель үшін 73,53 доллар болды.

Мұнай бағасына әсер еткен себептер

Мұнай бағасы геосаяси тәуекелдер фонында көтеріліп жатыр: Израиль мен Иран арасындағы қақтығыс, сондай-ақ Ормуз бұғазының жабылу қаупі. Ұзақмерзімді әсері бұғаздың ашық күйде қалуына және АҚШ-тың шиеленісті одан әрі ушықтырмауға қабілетіне байланысты болады. Халықаралық энергетикалық агенттік (IEA) мұнай қорының жоғары деңгейде екенін хабарлағанымен, әлемдегі белгісіздік мұнай бағасының өсуіне себеп болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети