Теміржол мен әуе билеттерінің бағасы реттеліп отырады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникация қызметі өткізген брифингте Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Реттеуге жататын нарықты да сақтап қалдық. Қолданыстағы келісімге сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ - автор) біз бәсеке саясатында тәуекелге барсақ, ертең теміржол мен әуе билеттерін реттеп отыру мүмкіндігінен айрылып қалмаймыз ба деген сұрақ туындағаны рас. Сіздер білетіндей, қазір мемлекет барлық бағаны бақылауда ұстап отыр. Біз бұл түйіткілді шешетін және одаққа мүше екі елдің де көңілінен шығатын жолды таптық. Біз бұл мәселеде де ұлттық деңгейдегі позициямызды жоғалтпаймыз. Қазақстан сарапшылары мен үш елдің келісімге келе алуы осының жарқын мысалы, - деді Дүйсебаев.
Естеріңізге салайық, 29 сәуір күні Минскіде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп, ҚР Президенті Н.Назарбаев, Ресей президенті В.Путин және Белоруссияның президені А.Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ жобасы қортындысының құжаттарын пысықтаған болатын. Бұл келісімге 29 мамыр күні Астанада қол қою жоспарланып отыр.