Теңге 2017 жылдың қаңтарындағы көрсеткішке дейін әлсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңге 2017 жылдың қаңтарындағы көрсеткішке дейін әлсіреді

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 325,77 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 325,77 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

20 маусымдағы екі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа  бағамы 321,72 теңге болды. Осылайша, ұлттық валюта бірден 4,05 теңгеге әлсіреді.

21 маусымдағы таңғы сауданың бірінші келісімі 325,00 теңгемен өтті. Минималдық құны да осы болды, ал максималдық құны 326,21 теңгеге жетті. Сауданың жалпы көлемі 160,8 миллион долларға жетіп, 212 келісім жасалды.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 325,5-326,3 теңге аралығында.  Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 45,9 доллар болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети