Теңге айтарлықтай нығайды

01 Шілде 2017, 15:40
1
Теңге айтарлықтай нығайды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының күндізгі саудасында айтарлықтай нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 319,71 теңгеге тең болды. Еске салайық, осыған дейінгі күндізгі сессияның қорытындысы бойынша доллар бағамы 321,03 теңге болған. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 320,2 теңгемен өтті. Максималдық құны 320,8 теңге болды, ал минималдық құны - 319,05 теңге. Сауданың жалпы көлемі 117,7 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 319,9-321 аралығында.

Мұнай бағасы 1 маусымда Астана уақытымен 00.29-да сәл төмен түсті. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 47.9 доллар болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай