Теңге бағамының ауытқу дәлізінің кеңеюі Қазақстан экономикасына қауіп төндірмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан экономикасына сыртқы фактарлар әлі де әсер етіп жатыр, ол ұлттық валюта құнына да ықпал етеді. Қалыптасқан жағдайдың сыни еместігін айта кету керек, - деді сарапшы. - Ұлттық банк дәлізінің өткен тәжірибесін еске түсіретін болсақ, ол бағамды жеткілікті дәрежеде бірқалыптылықпен қамтамасыз ете алды", - деді ол.
Сонымен қатар, ол болуы екіталай ең негативті сцераий жағдайында да, 10 теңгеге құбылуды бағамның бар болғаны 5 пайызы екенін айтты.
"Бұл алаңдайтындай, аса үлкен айырмашылық емес. Тіпті біз ең тұрақты деп атайтын валюталардың өзі: евро, доллар, иен - олар бір-біріне шаққанда айына 5 теңгеге дейін құбылады және ол ешкімді алаңдатпайды", - деді сарапшы.
Еске сала кетейік, 15 шілдеде бағамның ауытқу дәлізі доллар үшін 170-188-ден 170-198 теңгеге дейін өзгерді. Сонымен қатар, Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов валютаның жаңа дәлізіне өткеннен кейін теңгенің долларға шаққанда бағамының алдағы бірнеше айда бұрынғы қалыпта қалатынын айтты.