1. Басты
  2. Біл
  3. Экономика
  4. Нарық

Теңге нығайып жатыр06 қаңтар 2017, 11:11

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

KASE қор биржасының таңғы саудасы бойынша қорытындысында ұлттық валюта долларына 330,45 теңгеге нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, осыған дейінгі сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 332,6 теңгеге тең еді.

6 қаңтардағы таңғы сауданың бірінші келісімі 331,42 теңгемен басталды. Бұл максималдық құны болып бекітілді. Минималдық құны - 330,2 теңге. Сауданың жалпы көлемі 19,55 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, айырбас пункттерінде доллар 330-331,5 теңгеге бағаланып отыр.