Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 334,17 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 3 тамыздағы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валюта бағамы доллларына 335,53 теңге болған еді.

Таңғы сауданың минималдық құны 333,9 теңге болды, ал максималдық құны - 334,60 теңге. Сауданың жалпы көлемі 45,8 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 334-334,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Brent маркалы мұнай бағасы Астана уақытымен сағат 10.50-де барреліне 51,92 доллар болды.