KASE қор биржасының таңғы саудасының қорытындысында теңгенің долларға қатысты бағамы 342,56 көрсеткішінде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өткен саудада доллар бағамы 342,46 теңгеге тең еді.
KASE қор биржасының таңғы саудасының қорытындысында теңгенің долларға қатысты бағамы 342,56 көрсеткішінде тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өткен саудада доллар бағамы 342,46 теңгеге тең еді.
31 наурыздағы саудада бірінші келісім 343,80 теңгемен жасалды. Максималдық құны - 344. Минималдық құны - 343,05 теңгеге жетті. Сауда көлемі 37,25 миллион доллар болды. Доллар айырбас пункттерінде, Kurs.kz мәліметінше, 338-343 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, кеше ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанда халық тарапынан шетел валютасына деген қызығушылықтың айтарлықтай төмендегенін мәлімдеген еді. "Соңғы уақытта валюта нарығында тұрақтану және теңге депозиттері үлесінің өскені байқалып отыр. Сәйкесінше халық тарапынан шетел валютасына деген сұраныстың айтарлықтай азайғанын бақылап отырмыз. Қаңтарда айырбас пункттерінен халық 213 миллион доллар сатып алды - бұл соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Ақпанда бұл тенденция өзгерген жоқ - өз бағытын түбегейлі өзгертті. Айырбас пункттерінің сальдосы халықтың шетел валютасын сатып алмауына әкелді, керісінше, жаппай құтылып жатты. Халық 277 миллион доллар сатып алды", - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банкінің басшысы.