KASE қор биржасының таңғы саудасы бойынша қорытындысында ұлттық валюта долларына 322,15 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, осыған дейінгі сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 325 теңгеге тең еді.
Биржа мәліметінше, 3 ақпандағы таңғы сауданың жалпы көлемі 51,9 миллион долларға жетіп, 147 келісім жасалған.
Айта кетейік, ICE биржасының мәліметінше, 3 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 10.50-де Brent маркалы мұнайдың баррель құны 56,8 доллар болды.