15 наурыз 2016 | 16:58

Теңгенің қазіргі бағамы нарықтағы тенденциялардың көрінісі - Халық банкінің басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Теңгенің қазіргі бағамы нарықтағы тенденциялардың көрінісі, бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Банкир ҚР Ұлттық банкінің ақпан айында өткізген интервенцияларын дұрыс шешім деп есептейді. 


Иконка комментария блок соц сети

Теңгенің қазіргі бағамы нарықтағы тенденциялардың көрінісі, бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Банкир ҚР Ұлттық банкінің ақпан айында өткізген интервенцияларын дұрыс шешім деп есептейді. 

"Салық аптасы болғанда Ұлттық банкінің төменде тұрғанын көрдік. Ол теңгенің қатты күшеюіне жол бермеді. Бірақ біздіңше, бұл дұрыс шешім, себебі салық аптасы аяқталғанда теңге шегініп кетер ме еді. Бұл құбылу жағымсыз нәтижеге жеткізер еді. Солайша біздің клиенттерімізге көбірек проблема туындатар еді. Бүгін бар флуктуация ақылға қонымды. Меніңше, жаңа бағам қазіргі нарықтағы тенденциялардың көрінісі", - деп түсіндірді Шаяхметова. 

Өз кезегінде Халық банкінің басқарма төрағасының орынбасары Ертай Сәлімов шын мәнінде бағамның қандай болуы керектігі жайлы сұраққа жауап беріп жатып, оның одан да төмен болуы керектігін айтты. "Кейбір сарапшылар долларына 310 және 315 теңге деп болжап отыр. Бірақ шын мәнінде ол еркін, Ұлттық банк нарықтағы құбылуды азайтып отыр, бұл бүгіндегі басты мақсат", - деді ол.

Еске салайық, осыған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында ақпанда нарықтағы интервенция көлемі қандай болғанын айтқан еді. "Ақпанның соңында салық төлемі кезінде Ұлттық банк нарықта шетел валютасына сұраныстың көп болуынан валюта сатып алуға мәжбүр болды. 2016 жылы ақпанда Ұлттық банктің валюта сатып алу формасындағы интервенциясы 474 миллион долларға, яғни 2,4 миллиард доллар сауда көлемінің 20 пайызына тең болды. Яғни, Ұлттық банк валюта сатып ала отырып, алтын-валюта қорын толтырып алды. Болжам бойынша, 2016 жылдың ақпанында Ұлттық банктің алтын-валюта қоры 2,8 пайызға ұлғайып, 27,7 миллиард долларды құрады", - деген еді Ақышев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети