Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда нан және ет бағасын өсірмей ұстап тұруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда нан және ет бағасын өсірмей ұстап тұруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қазандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 8 пайызға өскенін, ал Алматыда бұл көрсеткіш 10 пайызға жеткенін айтты.
"Үкіметтің назарын азық-түлік бағасының күрт өсуіне жол бермеуге аударамын. Негізінен бұл нан және ет өнімдері. Мойындау керек, азық-түліктің қымбаттауы экономикамыздың әлсіздігінің айқын көрінісі. Сыртқы нарықтардағы конъюнктураның нашарлауы себеп деген секілді сылтаулар мүлде орынсыз. Белгілі экономист екенсіздер, экономикамызға бір жақсылық жасаңыздар", - деді Мемлекет басшысы.