Фото insiderman.kz сайтынан
Қазақстанда азық-түліктің құны өспес үшін биыл ел Үкіметі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын бекітеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министр Серік Ахметовке сілтеме жасап. "Сондай-ақ жанар-жағар май бағасы реттеліп, қатаң бақыланатын болады", - деді бүгін С.Ахметов Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде. Үкімет басшысы атап көрсеткендей, бүгінде баға саласындағы қиыншылықтардың басым бөлігі сырттан келетін тауарлармен байланысты болып тұр. Себебі қажетті құрылғылар мен материалдар шетелдік валютаға сатып алынады. Бірақ Премьер осы саладағы жағдайды да жан-жақты зерделеп, тиісті шараларды қолға алуды көздейді. Айта кеткен жөн, бүгінде еліміздегі азық-түліктің бағасы тұрақтандыру қорларындағы резервке тікелей байланысты. Дәл қазір онда барлығы 43 мың тонна тауар бар. Дегенмен, оның да бағасы сырттан келетін азық-түлікке тәуелді болып тұр. Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков атап көрсеткендей, теңге бағамының өзгеруі сыртқы тауардың қымбаттауына себеп болады. "Ол түсінікті жәйт. Оған қарсы әкімшілік шараны қолдану қиын. Себебі оны мүлдем әкелмей қоюы мүмкін. Соның салдарынан тапшылық болып, ішкі тауарлардың бағасы да көтеріледі", - дейді министр А.Мамытбеков. Сондықтан бүгінгі тұрақтандыру қорларында бар тауарды ұқсата білген жөн. Бір өкініштісі, кейбір қорларда "резерв" тауарлар мүлдем жоқ. "Оларға бөлінген ақша депозиттерде жатуы ықтимал", - деп атап көрсеткен болатын министр. Демек, кейбір аймақтарда (министр нақты айтқан жоқ - авт.) қымбатшылық болуы әбден мүмкін. Бірақ нанның бағасы көтерілмеуі тиіс. Бұл туралы Алаш айнасы газеті де жазған.
Қазақстанда азық-түліктің құны өспес үшін биыл ел Үкіметі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағасын бекітеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министр Серік Ахметовке сілтеме жасап.
"Сондай-ақ жанар-жағар май бағасы реттеліп, қатаң бақыланатын болады", - деді бүгін С.Ахметов Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде. Үкімет басшысы атап көрсеткендей, бүгінде баға саласындағы қиыншылықтардың басым бөлігі сырттан келетін тауарлармен байланысты болып тұр. Себебі қажетті құрылғылар мен материалдар шетелдік валютаға сатып алынады. Бірақ Премьер осы саладағы жағдайды да жан-жақты зерделеп, тиісті шараларды қолға алуды көздейді.
Айта кеткен жөн, бүгінде еліміздегі азық-түліктің бағасы тұрақтандыру қорларындағы резервке тікелей байланысты. Дәл қазір онда барлығы 43 мың тонна тауар бар. Дегенмен, оның да бағасы сырттан келетін азық-түлікке тәуелді болып тұр. Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков атап көрсеткендей, теңге бағамының өзгеруі сыртқы тауардың қымбаттауына себеп болады. "Ол түсінікті жәйт. Оған қарсы әкімшілік шараны қолдану қиын. Себебі оны мүлдем әкелмей қоюы мүмкін. Соның салдарынан тапшылық болып, ішкі тауарлардың бағасы да көтеріледі", - дейді министр А.Мамытбеков. Сондықтан бүгінгі тұрақтандыру қорларында бар тауарды ұқсата білген жөн. Бір өкініштісі, кейбір қорларда "резерв" тауарлар мүлдем жоқ. "Оларға бөлінген ақша депозиттерде жатуы ықтимал", - деп атап көрсеткен болатын министр. Демек, кейбір аймақтарда (министр нақты айтқан жоқ - авт.) қымбатшылық болуы әбден мүмкін. Бірақ нанның бағасы көтерілмеуі тиіс. Бұл туралы Алаш айнасы газеті де жазған.