Қазақстан Үкіметі еліміздің 2015-2019 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Үкіметі еліміздің 2015-2019 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, 2015 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) шамамен 5 пайыздық өсімді көрсетсе, бұл меже 2019 жылға қарай 6,5 пайызға жеткізілмек. Бұл еліміздің ЖІӨ-і 2015 жылы 45 триллион, ал 2019 жылы 72,8 триллион теңгеге жетеді деген сөз. 2015 жылы ЖІӨ еліміздегі әр тұрғынның жан басына шаққандағы көрсеткіші 13,9 мың долларға тең келсе, ал ол меже 2019 жылға қарай 21,4 мың долларға дейін көтерілмек.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына қарағанда, ел аумағынан шет елдерге тасымалданатын экспорт көлемі 2019 жылы 14,3 миллиард долларға артса, ал сырттан келетін импорт көлемі 7,7 миллиард теңгеге ұлғаймақ. Ұлттық банктің болжауынша, 2019 жылға дейін инфляция деңгейі 6-8 пайыз аралығында болады екен.
Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, бұл болжамдар еліміздің 2014 жылғы жарты жылдықта жеткен даму көрсеткіштері негізінде әзірленген.
Оған макроэкономикалық болжамдар мен 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік көрсеткіштерді жүргізіліп отырған экономикалық саясатты қосыңыз. Сырттан келетін импорттың әсерінен республикалық бюджетке түсетін қаржы көлемі де артпақ. Нақтырақ айтқанда, ол 2015 жылы 4 триллион 338,4 миллиард теңгені құраса, ал 2017 жылы ол көрсеткіш орта есеппен 5 триллион 147,7 миллиард теңгеге дейін жеткізілетін болады.