18 желтоқсан 2014 | 11:32

Үкімет республикалық бюджетті әзірше қайта қарағалы жатқан жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерболат Досаев. ©ortcom.kz Ерболат Досаев. ©ortcom.kz

Қазақстан Үкіметі әзірше республикалық бюджетті қайта қарағалы жатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Үкіметі әзірше республикалық бюджетті қайта қарағалы жатқан жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап.

"Біз не болатынын қараймыз. Қазіргі кезеңде әзірше қайта қарағалы жатқан жоқпыз. Мұнайдың орташа жылдық бағасы - барреліне 80 доллар. Келер жылдың басында баға өсім қарқынына байланысты болады", - деді Досаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан соң журналистердің "Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты бюджет қайта қарала ма?" деген сұрағына жауап беріп. 

Министр "Қазақстан Үкіметі Ресей Федерациясында қалыптасқан ахуалға байланысты қандай да бір кеңес алулар жүргізе ме?" деген сауалға да жауап берді. "Жоқ, жүргізбейміз. Біздің өз ақша-несие саясатымыз бар", - деді ол.

Еске сала кетейік, жуырда Нұрсұлтан Назарбаев дағдарыс кезінде Қазақстанда бюджет шығыстарының азайтылатынын мәлімдеген еді. "Бізге де қиын болады, өйткені біз - әлем экономикасының бөлшегіміз. Мұны бәріміздің, әрбір қазақстандықтың ескеруі керек. Сондықтан бізге бұл кезеңде бекітіліп қойған бюджет шығыстарының бір бөлігін қысқартуға тура келеді. Бірақ мен айтқанмын, қазір де қайталағым келеді: әлеуметтік шығыстар қысқартылмайды. Үкіметке мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуді тапсырғанымды білесіздер", - деген еді Президент Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында. 

Сонымен бірге, Назарбаев еліміздің жалақы мен зейнетақы деңгейін сақтай отырып, экономикалық дағдарысты еңсеретініне сенім білдірген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети