Ұлттық банк айырбас орындарында шекті қолданыс мерзімін ұзартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк айырбас орындарында шекті қолданыс мерзімін ұзартты Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Ұлттық банкі шетел валютасын сату курсынан сатып алу курсының ауытқуына қатысты бекітілген шекті қолданыс мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ұлттық банкі шетел валютасын сату курсынан сатып алу курсының ауытқуына қатысты бекітілген шекті қолданыс мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бекітілген шектің әрекет ету мерзімі 1 шілдеге дейін ұзартылған.

"Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қол шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерінің қолданылу мерзімін 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы шешiм қабылдады. Бұл шаралар айырбастау пункттеріндегі валюталарды сатып алу және сату бағамдары арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуға қарсы және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалы жағдайға байланысты қаржылық
тұрақтылықты сақтауға бағытталған", - делінген хабарламада.

Бекітілген шектің көлемі мынадай:

1) доллар үшін - 6 теңге;

1) еуро үшін - 7 теңге;

Айта кетейік, бекітілген шектің мәні қолма-қол жүргізілмеген айырбастау операцияларына жарамсыз.

Еске салайық, 19 наурызда Қазақстанның Ұлттық банкі елде төтенше жағдай режимі енгізілген кезде айырбастау пунктеріні үшін шекті мәнді бекіткен болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети