18 қараша 2015 | 12:39

Ұлттық банк басшысы Ақордада бағам бойынша болжам жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ақордадағы отырыста теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Ұлттық банкінің басшысы Ақордадағы отырыста теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, доллар бағамы үш күннен бері бір деңгейде тұр. Қазақстан қор биржасында таңғы сауда сессиясы аяқталды, сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 307,68 теңгеге тең болды.

"Қазіргі уақытта биржада тұрған бағам Ұлттық банктің қатысуынсыз құрылып жатыр. (...) Айырбас бағамының қазіргі деңгейі қазіргі таңда қалыптасқан сыртқы факторларға, қазіргі мұнай бағасына, ресейлік рубль бағамына, Ресей және Қытай экономикасына сәйкес. Қазіргі уақытта теңгенің ресейлік рубльге деген паритетіне қол жеткіздік. (...) Алдағы уақытта бағамның өзгеруі ықтималдығы аз. Жағымсыз сценарий жүзеге асып қойды. Мұнай бағасы екі есе құлады, рубль құлдырады. Таяу арада сыртқы конъюктураның айтарлықтай нашарлауы ықтималдығы аз", - деді Ақышев.

Оның айтуынша, Ұлттық банк іргелі трендке кедергі келтірмейді. "Егер мұнай бағасы баррель үшін 40 доллардан төмен болса, бағам түзетілуі мүмкін. (...) Бірақ айырбас бағамының күрт ауытқуына немесе тұрақсыз ететін өзгерістерге, әлсіз болуына да, нығаюына да жол бермейміз", - деді Ақышев.

"Инфляция жөнінде, биыл жоспарланған 6-8 пайыздан асып түсуі мүмкін. Қазіргі уақытта қазан айының соңында жылдық мөлшерінде инфляция 9,4 пайызды құрады. Бізде 2015 жылдың тамызына дейін инфляция деңгейі 5 пайыздан аз болған, бұған ақша ұсынысын азайту, экономиканы монетизациялауды қысқарту арқылы қол жеткіздік және байқап отырғанымыздай, несиелеу деңгейі төмендеді. Осы жағдайларда мақсатымыз тұрақты инфляцияны қамтамасыз ету және барынша жылдам уақыта 2016 жылы 6-85 дәлізіне жеткізу. Осы мақсатта біз бағалар болжалған деңгейіне қайта оралуы үшін үкіметпен көлемді жұмыс атқаруды жоспарлап отырмыз", - деді ҚР Ұлттық банкінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети