17 шілде 2017 | 17:23

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізімен 10,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізімен 10,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Банк өкілдерінің айтуынша, жылдық инфляция деңгейі Ұлттық банктің болжамды бағаларымен сәйкес келеді және нысаналы дәліз шеңберінде қалып отыр, инфляциялық күтулер тұрақты деңгейде қалыптасқан.

"Инфляциялық тәуекелдер жекелеген тауар нарықтарында туындайтын ұсыныс факторлары және сыртқы параметрлердің экономиканың дамуының базалық сценарийінен ауытқуы тарапынан болуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Соған қарамастан, болжамды инфляцияның орта мерзімді кезеңдегі баяулау траекториясы нақты пайыздық базалық мөлшерлеменің экономиканың әлеуетті қарқынына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді перспективада да, алдағы 12-18 айда да базалық мөлшерлеменің төмендеу ықтималдығын арттыратыны айтылады.

"2017 жылғы маусымда жылдық инфляция 7,5 пайыз болды және Ұлттық банктің нысаналы дәлізі шеңберінде (6-8 пайыз) сақталып отыр. Инфляцияның ағымдағы жылғы 1-ші жартыжылдықта (3,7 пайыз) 2016 жылғы 1-жартыжылдықпен (4,6 пайыз) салыстырғанда едәуір төмен болуы, сондай-ақ жылдың басынан бері айтарлықтай баяулайтын және жалпы инфляциямен салыстырғанда айтарлықтай төмен деңгейде қалыптасатын баға күйзелістері мен ауытқу құрауыштары кірмейтін базалық инфляция көрсеткіштері инфляцияның төмендеу үрдісінің маңызды белгілері болып табылады. Базалық инфляция маусымда 6,8 пайыз (2016 жылғы желтоқсанда - 8,9% пайыз) болды", - дейді банк өкілдері. 

Азық-түлік нарығының жекелеген сегменттеріндегі ахуал соңғы айлардың қысқа мерзімді инфляциялық тәуекелі болды, алайда жаңа өнім кезеңінің басталуы азық-түлік бағаларының жалпы серпініндегі жағымсыз үрдістерді реттеді. 

Сондай-ақ, халықтың инфляциялық күтулері 2017 жылдың басынан бері тұрақтылықты сақтап отыр екен. Маусымда инфляцияның бір жыл алға берілген сандық бағасы 6,4 пайыз болды және нақты инфляция деңгейінен төмен, сондай-ақ инфляция дәлізінің 2018 жылға арналған шегінде қалып отыр. Маусым айында жасалған пікіртерім нәтижелері қабылданатын жылдық инфляция мен халықтың бір жыл алға арналған күтулері аздап төмендегенін көрсеткен. 

"Сыртқы тауар нарықтарындағы ахуал құбылмалылығымен сипатталады. Мұнай бағасының бір баррель үшін 50 доллардан төмен деңгейде қалыптасуы және мамырда-маусымда әлемдік азық-түлік нарықтарындағы баға индексінің өсуінің, негізінен, сүт өнімдері мен дәнді-дақылдардың қымбаттауы салдарынан жылдамдауы инфляциялық аяның күшеюіне әкеп соғуы мүмкін. Салымшылардың валюталық басымдықтары теңгемен активтердің пайдасына сақталуда. Маусымның алдын ала деректері бойынша теңгемен депозиттер үлесінің валюталық депозиттер үлесінен асып кетуі одан әрі жалғасуда. Теңгемен кредиттер үлесінің өсуі де байқалуда. Бұл ретте кредиттік ресурстарға деген сұраныс тұрақты болып қалуда және мөлшерлемелердің біртіндеп төмендеуімен қатар жүруде. Кредиттеудің қысқа мерзімді серпіні банк секторындағы шоғырлану процестерімен шектелуде. 
Экономикада іскерлік белсенділік жандануын жалғастыруда, ішкі экономикалық көрсеткіштер серпіні қалыпқа келу үрдісінің сақталғанын көрсетіп отыр. Мәселен, маусымда елдегі жиынтық ұсынысты көрсететін қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі жылдық көрсеткіш бойынша 107,4 пайыз болды. Алайда халықтың ағымдағы жылғы нақты кірістері бойынша бағалау деректерін статистикалық ведомствоның айтарлықтай төмендеу жағына қарай қайта қарауы тұтыну сұранысының одан арғы серпінінің белгісіздігіне себепші болуда. 
Ақша-кредит шарттары бейтарап күйде қалуда. Артық өтімділік жағдайында ақша нарығының мөлшерлемелері пайыздық дәліздің төменгі шегінде сақталуда. Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанда банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының іске қосылуына байланысты кейіннен оның кредиттік белсенділігінің қалпына келуі күтіледі", - делінген қаржы реттеушісінің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети