Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12 пайызға өсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12 пайызға өсірді Фото ©Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12 пайызға өсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12 пайызға өсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"9 наурызда Мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет пен Ұлттық банк әлемдік мұнай нарығындағы ахуал және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы бірлескен үндеу жасады", - деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында.

"Сыртқы сектордағы қауіптің жоғарылауы жағдайында баға тұрақтылығын сақтап, теңгенің айырбастау бағамын қорғау қажет. Сондықтан Ұлттық банк кезектен тыс отырыста базалық мөлшерлемені биылғы 10 наурыздан бастап +/- 1,5 пайыздық пунктпен 12 пайызға дейін өсіруге шешім қабылдады", - деді ол.

Ол базалық мөлшерлеменің өсуі макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтауға, сыртқы нарықтардың ішкі бағалар мен долларландыру деңгейіне теріс әсерін болдырмауға жағдай жасайды деп түсіндірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети