Кеше, 14 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/-1пайыздық мөлшерлемелердің дәлізімен 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кеше, 14 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/-1пайыздық мөлшерлемелердің дәлізімен 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өтімділікті ұсыну және алу операциялары бойынша мөлшерлемелер, тиісінше 10,25% және 8,25% деңгейде өзгеріссіз қалдырылды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев телевизиялық БАҚ үшін брифинг барысында айтып берді.
Ол ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 9,25% деңгейде қалғандығын атап өтті. "Ағымдағы шешім кезінде жылдық инфляцияның нақты деңгейі, оның ағымдағы жылғы болжамдық мәндеріне және бағаларына сәйкестігі, сондай-ақ халықтың инфляциялық күтулерінің байқалып отырған төмендеуі назарға алынды", - деп түсініктеме берді Данияр Ақышев.
Ол жылдық инфляцияның нысаналы дәлізге сәйкес деңгейде қалыптасатындығын қоса атап өтті. Оның айтуынша, базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі едәуір күйзелістер болмағанда 2019 жылдың соңында 4-6% жаңа дәліздің ішінде инфляцияның қалыптасуын қамтамасыз ететін болады.
"Бұл ретте Қазақстан Ұлттық Банкіәлемдік нарықтардағы, атап айтқанда мұнайдың әлемдік нарығындағы үрдістерді, сондай-ақ басқа елдердің орталық банктеріндегі өздерінің мөлшерлемелерінің деңгейі бойынша шешімдерін мұқият қадағалайды", - деді Ақышев.
Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысыинфляцияны нысаналы дәліздің шегінен тыс жібермеудің алдын алу Ұлттық Банктің міндеті болып табылатындықтан сыртқы сектор тарапынан тәуекелдерді бағалаудың басым екендігін атап өтті. "Негізгі шикізат нарықтарында нақты құбылмалылықтың ішкі макроэкономикалық көрсеткіштерге және қаржы секторының көрсеткіштеріне ықпалы күшейген кезде ақша-кредит саясатын қатаңдату туралы шешім базалық мөлшерлеменің деңгейін кейіннен қарау кезінде қабылдануы мүмкін", - деді төраға.
Сондай-ақ, Данияр Ақышев базалық мөлшерлемені 9,25 пайыз деңгейде сақтау шешіміне ықпал еткен факторлар туралы айтып берді.
Ол 2017 жылмен салыстырғанда инфляцияның бәсеңдеуі тұтынушылық тауарлар мен қызмет көрсетулердің барлық тобы бойынша тіркелгенін атап өтті. Азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі бір жыл бұрынғы 6,5%-бен салыстырғанда 5,1%-ды, азық-түлікке жатпайтын құрауыш бойынша 8,9%-бен салыстырғанда 6,4%-ды құрады. Ақылы қызметтер 4,5%-ға қымбаттады, ал 2017 жылы тарифтердің өсуі 5,9%-ды құрады.
Ақышевтың айтуы бойынша, халықтың инфляциялық күтулері желтоқсанның қорытындысы бойынша 5,0%-ды құрай отырып, нақты инфляцияның деңгейінен төмен болып қалыптасты. 4-тоқсанда олардың деңгейі іс жүзінде 6,4%-дан 1,5%-ға төмендеді. Одан әрі тұрақтандыру және инфляциялық күтулерге әсер ету тиімділігін арттыру Ұлттық Банктің маңызды міндеті болып қалады.
"Базалық инфляцияның серпіні тұтынушылық нарықтағы инфляциялық аяның сақталуын растайды. Оның неғұрлым құбылмалы бағаларды және реттелетін құрауыштарды қоспай есептелген деңгейі 2018 жылы 6,2%-дан 6,7%-ға дейін жеделдегенін көрсетті", - деп түсіндірді Ақышев.
Оның айтуы бойынша негізгі фактор ішкі сұраныстың кеңеюі болып қалуын жалғастыруда, ол өткен және сол сияқты ағымдағы жылы басым түрде фискалдық ынталандырумен нығаяды.
"Мәселен, халықтың нақты кірістерінің өсуі 2018 жылғы 11 айда 4,4%-ды құрады. Ішкі сұраныстың кеңеюіне 2019 жылы жалақысы төмен қызметкерлер үшін ең төменгі жалақының көтерілуі және салықтық жүктемесін төмендеуі себепші болады", - деді Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы.
Ол сондай-ақ тұтынушылық кредиттеу көлемінің өсуі қарашада жылдық көрсеткіш бойынша 11%-ды құрады. Экономиканы кредиттеудің одан әрі өсуіне 20147-23018 жылдары жүргізілген банк секторын қалыпқа келтіру және реттеу мен қадағалаудың жаңа тәсілдері себепші болады. 2019 жылы кредиттік портфельдің номиналдық ІЖӨ өсуіне жоғары қарқынмен өсетіні күтіледі.
Сыртқы секторда, Ақышевтың айтуы бойынша, қысқа мерзімді және сол сияқты орта мерзімді перспективада тәуекел сценарийлерін іске асыру үшін айтарлық әлеует бұрынғыша сақталады. "Мұнайдың бағасы алдыңғы жылғы қазан-желтоқсанда соңғы бір жарым жылдағы ең төменгі мәндерге дейін төмендегеннен кейін, өткен аптаның соңында бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан жоғары деңгейге көтерілді. Сонымен қатар, олар 2018 жылғы қазанның көрсеткіштерінен айтарлық төмен болып қалады", - деп қорытындылады Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы. Ол осындай құбылмалылықтың одан кейінгі перспективада әлемдік нарықтардағы жоғары белгісіздікті құрайды деп толықтырды.
"Сонымен қатар сыртқы инфляциялық аяның күшеюі байқалады. Негізгі сауда әріптес ретінде Ресейдегі нақты жылдық инфляция 4% болатын нысаналы көрсеткіштен жоғары қалыптасуда. Ресейден импорттың жоғары үлесін ескере отырып, ағымдағы жылы Ресей инфляциясының бұдан әрі жылдамдатылуын бағалау Қазақстанның ішкі бағаларына проинфляциялық қысым үшін әлеуетті қалыптастырады", - деп айтып берді Ақышев.
Ол әлемдік тауар нарықтарында бағалардың жалпы төмендеуінің байқалып отырғандығын атап өтті. ФАО индексі жылдық көрсеткіште 4,3%-ға төмендеді. Желтоқсанда сүт өнімдері мен қант бағасын белгілеудің төмендеуі тіркелді. Осыған қарамастан, дәнді дақылдардың, ет пен майдың бағасы өсті.
"Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, ағымдағы жылы Қазақстан Ұлттық банкі инфляцияның жаңа, неғұрлым төмен 4-6% дәліз ішінде сақталуын күтеді. Бұл ретте, ағымдағы бағалаулар, оның деңгейінің жылдың соңында 5-6% шегінде дәліздің жоғары бөлігінде қалыптасатындығын көрсетеді", - деп түйіндеді Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы.