Ұлттық банк интервенциясы бір аптада 420 миллион доллардан асты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк интервенциясы бір аптада 420 миллион доллардан асты

Ұлттық банктің валюта интервенциясы кейінгі аптада 420 миллион доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банктің валюта интервенциясы кейінгі аптада 420 миллион доллардан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемдік қаржы нарығындағы жағдай әлі де құбылмалы болып тұрғаны айтылды.

"Ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін 9 наурызда Қазақстан қор биржасында доллар-теңге жұбы бойынша сауда-саттық Франкфурт аукционына сай өткізілді. Оның қорытындысы бойынша Ұлттық банктің валюта интервенциясы 198,9 миллион АҚШ доллары немесе бір күнгі саудадағы жалпы көлемнің 94,4 пайызы болды", - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәліметінше, сыртқы өзгерістердің ел экономикасына әсерін болдырмау үшін және ішкі валюта нарығындағы балансты қолдау мақсатында Ұлттық банк валюта интервенциясын жүргізеді.

"Кейінгі аптада оның көлемі 421,9 миллион АҚШ доллары немесе биржалық сауданың жалпы көлемінің 59,2 пайызы болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату 240,2 миллион АҚШ долларына тең болды. Ұлттық банктің валюта интервенциясы мен Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 92,9 пайызы болады", - делінген хабарламада.

Қысқа мерзімді уақыт ішінде теңгенің құбылмалылығы санкцияға, ішкі қатысушылардың жоспарына және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болады.

"Бұл ретте Ұлттық банк экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен айырбастау бағамының еркін қалыптасу қағидаттарына бейімділік талабы бойынша инфляция таргетінің толық режиміне ауысу бойынша жұмысты жалғастырады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети