01 маусым 2016 | 09:36

Ұлттық банк Қазақстан экономикасының дамуының үш нұсқасын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан Ұлттық банкі ресми сайтында республика экономикасының дамуының 2016 жылға арналған негізгі нұсқаларын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ұлттық банкі ресми сайтында республика экономикасының дамуының 2016 жылға арналған негізгі нұсқаларын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Макроэкономикалық ахуалдың дамуының үш сценарийі қарастырылды, ол Brent сұрыпты мұнай бағасының бір баррель үшін 35, 30 және 20 доллар болатын деңгейін көздейді. Базалық сценарий ретінде бір баррель үшін 30 доллар сценарийі қабылданды", - делінген хабарламада.

"Бірінші сценарий әлемдік экономика дамуының баяу, бірақ бірте-бірте дамуын көздейді. Осы сценарий шеңберінде 2016 жылы мұнайдың бір баррель үшін бағасы 35 долларды құрайды деп жоспарланып отыр.

Осы сценарийге сәйкес қызмет көрсету теңгерімінің айтарлықтай тапшылығы сақталған және шетелдік инвесторларға кірістер төлеген кезде тауарлар таза экспортының үштен бірге төмендеуі күтіледі. Нәтижесінде, ағымдағы шоттың тапшылығы ІЖӨ-нің 4 пайызға жуығын құрайды.

Ағымдағы шоттың тапшылығын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы активтерін пайдалану есебінен, сол сияқты тікелей шетелдік инвестициялардың және бұрын жасалған кредиттік шарттар бойынша инвестициялардың әкелінуі есебінен қамтамасыз етіледі.

Ақша ұсынысы кеңеюінің қарқындары номиналды ІЖӨ өсуінің қарқындарына сәйкес келеді, бұл монеталандыруды болжанып отырған кезеңде 2015 жылғы деңгейде сақтауды қамтамасыз етеді".

"Екінші сценарий шеңберінде мұнайдың орташа жылдық бағасы алдыңғы сценарийге қарағанда төмен деңгейде қалыптасады және бір баррель үшін 30 долларды құрайды деп болжанып отыр.

Ақша ұсынысының серпіні, бірінші сценарийдегі сияқты ІЖӨ-нің номиналды өсу қарқындарына сәйкес келеді, осының нәтижесінде болжану кезеңде монеталандыру деңгейі ағымдағы деңгейге қатысты өзгермейді".

"Үшінші сценарий ортамерзімді перспективада әлемдік тауарлық және қаржы нарықтағы ахуалдың нашарлауы жағдайында пессимисттік болжамдарды көздейді. 2016 жылы осы сценарий кезінде мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 20 доллар деңгейінде бағаланады.

Осы сценарий іске асырылған кезде Қазақстан Республикасының макроэкономикалық дамуының көрсеткіштері бірінші және екінші сценарийлермен салыстырғанда төмендеу болады. Тауарлардың таза экспортынан түсімдердің айтарлықтай төмендеуі нәтижесінде ағымдағы шот тапшылығының кеңеюі қызметтер мен кірістер балансы тапшылығының айтарлықтай қысқаруы есебінен тежелетін болады. Тікелей инвестициялар әкелінуінің қысқаруы жағдайында ағымдағы шот тапшылығын қаржыландыру республикалық бюджетке кепілдік берілген және нысаналы трансферттердің көлемдері сақталған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерін пайдалану есебінен, сондай-ақ мемлекеттік сыртқы қарыз алу есебінен қамтамасыз етілетін болады".

Ұлттық банк мәліметінше, барлық сценарийлер кезінде жылдық инфляция жоғары деңгейде сақталады. 2016 жылғы екінші-үшінші тоқсандарда ол ең жоғары деңгейге жетеді, дегенмен, 2016 жылдың соңына қарай инфляцияның айтарлықтай төмендеуі күтіледі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети