08 ақпан 2021 | 15:19

Ұлттық банк Ресейдегі жағдайдың теңгеге қалай әсер ететінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк Ресейге қарсы санкциялардың теңге бағамына қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк Ресейге қарсы санкциялардың теңге бағамына қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Теңге мен рубль бағамы арасында өзара байланыс бар. Қазіргі уақытта Ресейге қарсы санкциялар тәуекелі жергілікті валюта нарығына тікелей әсер етпейді. Алайда санкция сақталып, жағдай нашарласа рубльдің әлсіреуі теңге бағамына теріс әсер етуі мүмкін", - деп хабарлады Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.

Бірақ ол инвесторлар ресейлік нарықтан шыға бастаса шетелдік кәсіпкерлердің бір бөлігі Қазақстан нарығына келуі мүмкін екенін атап өтті.

"Қаңтар қорытындысы бойынша елге шетелдік инвесторлардың келіп жатқаны байқалады. Бейрезиденттердің Қазақстан мемлекеттік бағалы қағаздарындағы көлемі 191 миллиардқа өсіп, 604 миллиард теңге немесе 1,4 миллиард долларға жетті", - деп атап өтті Молдабекова.

Оның айтуынша, халықаралық сарапшылар Қазақстанның борыштық және валюталық нарығын оң бағалап, ұлттық валютада активтер сатып алуға ұсынымдар берген.

Сондай-ақ, Молдабекова GameStop сияқты бірқатар кәсібилігі төмен компаниялар мен трейдерлердің алыпсатар мәмілелері қор нарығын тұрақсыздыққа әкелгенін атап өтті.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары арқасында күміс бағасы бес айлық максимумға дейін көтерілді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық сарапшылар ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың тұтқындалуының Қазақстанға экономикалық және саяси ықпал ету ықтималдығын бағалаған еді. Саясаттанушылар пікірі екіге бөлінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети