Ұлттық банк теңге бағамының ауытқуын түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк теңге бағамының ауытқуын түсіндірді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов үкімет отырысында теңге бағамының динамикасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов үкімет отырысында теңге бағамының динамикасы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жыл басынан бері теңгенің бағамы бір доллар үшін 519,73 теңгеге дейін, яғни 1 пайызға нығайғанын хабарлады.

Сыртқы факторлар бойынша әлемдік сауда соғыстарына байланысты нарықтағы құбылмалылық және Ресей рублінің нығаюы байқалады. Сонымен қатар, мұнай бағасы шамамен бір баррель үшін 70 доллар деңгейінде қалыптасты.

Ішкі факторлар бойынша жылдың алғашқы айларында ұлттық валютаны қолдауға импорттық сатып алудың қысқаруы мен экспорттаушылардың салық төлемдері есебінен валюта ұсынысының ұлғаюы әсер еткен.

Сонымен қатар, өткен айдың екінші жартысынан бері валюта нарығында сұраныстың артуына байланысты теңгенің айырбастау бағамының маусымдық өзгерісі байқалады. Оған халық арасында демалыс кезеңінің басталуы, бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік сатып алуды белсенді іске асыруға байланысты заңды тұлғалар жағынан долларға деген сұранысының өсуі негізгі факторы болды.

Ұлттық банк бұл өзгерістер қысқа мерзімді және бірқалыпты сипатқа ие екенін айтты.

"Жалпы сыртқы орта қалыпты. Ал ішкі факторлар маусымдық сипатқа ие. Бұл жағдайда айырбастау бағамының айтарлықтай өзгеруі үшін негіз жоқ. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады", -деді Тимур Сүлейменов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети