Ұлттық банк теңге қатты құнсызданса, интервенция жасайды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Ұлттық банк теңге қатты құнсызданса, интервенция жасайтынын айтты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық банк теңге қатты құнсызданса, интервенция жасайтынын айтты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Доллардың қымбаттауына мұнай бағасының түсуі себеп. Ұлттық банктегілер теңгенің құнсыздануын осылай түсіндірді. Бірақ олар тағы девальвация болады деп қауіптенудің қажеті жоқ екенін айтады. 

Бір доллар үшін 386-387 теңге. Ақша айырбастау орталықтарындағы баға осындай. АҚШ ақшасы күн сайын шарықтап барады. 5 күнде 5 теңгеге қымбаттап үлгерді.

Ал Ұлттық банк төл ақшамыздың құнсыздануына мұнай бағасы себеп дейді. Өйткені "қара алтынның" құны соңғы күндері шамамен 10 долларға арзандап, баррелі 61 доллардан сатылып жатыр. Десе де, Ұлттық банк теңгенің шамадан тыс арзандап кетуіне жол бермейміз деп сендіріп отыр.

"Әлемдегі сауда текетіресінің күшеюінен Brent маркалы мұнайдың бағасы түсті. Тиісінше бұл теңгемізге әсер етіп отыр. Валютамызға қауіп төнсе, Ұлттық банк валюталық интервенция жасауға құқылы. Жағдайды бақылап отырмыз", - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мадина Әбілқасымова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer