05 наурыз 2022 16:40

Ұлттық банк теңгенің валюта нарығындағы жағдайы туралы мәлімдеме жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Ұлттық банк теңгенің валюта нарығындағы жағдайы туралы мәлімдеме жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк теңгенің валюта нарығындағы жағдайы туралы мәлімдеме жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық Банк әлемдік қаржы нарығындағы жағдай аса тұрақсыз болып қалатынын басып айтты.

"Еуропадағы қақтығыстың тез арада шешілмей, жағдайдың ушығуы валюта және қор нарығына қатты әсер етеді", - делінген хабарламада.

Ресей рублінің жағдайы не болады?

"Халықаралық активтерге қатысты санкциялар Ресейдің орталық банкін валюталық интервенция жүргізу мүмкіндігінен айырды. Енді бағамды тұрақты қылу үшін Ресей Қаржы министрлігі резидент экспорттаушыларды ішкі нарықтағы валюталық кірістің 80 пайызын сатуға міндеттеді. Сонымен қатар, енгізілген санкциялар мен ресейлік банктерді SWIFT жүйесінен алып тастау валюта нарығын резиденттердің қатысуымен ішкі нарыққа және жаһандық нарыққа бөлді. Олардың арасындағы баға белгілері әртүрлі екенін ескерген жөн. Кеше Мосбиржадағы рубльдің биржалық бағамы бір доллар үшін 105 рубль деңгейіне дейін көтерілді", деп атап өтті Ұлттық банк.

Рубльдің ұлттық валютаға әсері

Ұлттық банк мәлімдемесінде Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі екені және теңге бағамына рубльдің әсері бары айтылған. 

"Жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін Қазақстан қор биржасында доллар-теңге валютасы бойынша сауда-саттық Франкфурт аукционы нысанында өткізілді. Оның қорытындысы бойынша Ұлттық банктің валюталық интервенциялары 98,1 миллион долларды немесе бір күнгі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 61,5 пайызын құрады. 1 наурыздан бастап сауда-саттық штаттық режимде өтеді. 1-5 наурыз аралығында валютаға сұраныстың артуына байланысты Ұлттық банк 534,3 миллион доллар сатты, бұл жалпы сауда көлемінің 60 пайызын құрайды", - деп қорытындылады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети