ҚР Ұлттық банкте теңгенің неліктен нығайып жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеуші ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық банкте теңгенің неліктен нығайып жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеуші ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Видеоны ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі жіберді
"Соңғы екі айда теңгенің айтарлықтай нығайып келе жатқанын көріп жүрміз. Теңге менің ойымша, бүгін, өз шыңына жетті. Біз бүгін 317 деңгейіне дейін түсірдік, яғни 316,9 теңгеге дейін жетті. Бұл неге байланысты? Біріншіден бұл мұнай бағасының күрт қымбаттауына байланысты. Сонымен қатар, ресейлік рубльдің нығаюына байланысты айтар болсақ, теңгеге қатысты не көріп отырмыз? Бірден айтайын, Ұлттық банк соңғы бес айда бағамның қалыптасуына араласпайды. Алайда теңгенің нығаюы сақталып отыр. Бұл тренд уақыт факторына әсер етеді. Бізде қазір салық апталығы басталды, экспортшылар төлемдер жасайтын кез. Біз қазір көптеген банктердің мұнай долларын сатып жатқанын көріп жүрміз, бұл әдіс қатты айтқанда, экспортшылар салық төлеуге мүмкіндігі болу үшін жасалады. Бұл фактор теңгенің нығаюын үдетеді", - деді ҚР Ұлттық банктің монетарлық операция департаментінің директоры Әлия Молдабекова.
"Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қолайлы макроэкономикалық жағдайлар аясында қабылданды", - деп толықтырды Әлия Молдабекова, ол сол сияқты базалық мөлшерлеме деңгейінің төмендеуіне ықпал еткен факторлардың бірі ретінде валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтылығын атап өтті.
Бүгін, KASE қор биржасының таңғы саудасында Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 314,82 теңгеге тең болды.
Таңғы сауданың бірінші келісімі 315,50 теңгемен өтті. Минималдық құны 314,29 теңге болса, максималдық құны - 316. Сауданың жалпы көлемі 189,250 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 313,5 - 314 аралығында.