31 қазан 2016 | 12:06

Ұлттық валюта әлсірей түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

KASE қор биржасының таңғы сессиясының нәтижесі бойынша ұлттық валютаның бағамы бір доллар үшін 335,1 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында 2016 жылдың 28 қазанында өткен сауда бір доллар үшін 333,2 теңге көрсеткішімен аяқталған болатын. 


Иконка комментария блок соц сети

KASE қор биржасының таңғы сессиясының нәтижесі бойынша ұлттық валютаның бағамы бір доллар үшін 335,1 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында 2016 жылдың 28 қазанында өткен сауда бір доллар үшін 333,2 теңге көрсеткішімен аяқталған болатын. 

31 қазандағы таңғы сессияның алғашқы келісімі 334,5 теңгемен жасалған. Ең төменгі баға осы болды. Максималды құны 335,47 теңгеге дейін жетті. Сауда көлемі - 65,75 миллион доллар. Мұнай бағасы 49.45 доллар. Kurs.kz мәліметі бойынша, айырбас пунктерінде ұлттық валюта бір доллар үшін 335-335,8 теңге деңгейінде сатылып жатыр.

Еске салайық, 29 қазанда сағат 9.05-те мұнай бағасының төмендеуі тіркелген болатын. Brent маркалы мұнайының желтоқсандық фьючерлері 1,75 пайызға төмендеп, барреліне 49,60 долларға дейін арзандаған. WTI маркалы мұнай 1,95 пайызға арзандап, барреліне 48,67 долларды құрды. Мұнайдың әлемдік бағасы ОПЕК келісіміне күмән келгеннен кейін арзандады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети