Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 1 тамыздағы таңғы күндізгі саудасында 330,43 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша, ұлттық валюта 2 теңгеге әлсіреді.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 1 тамыздағы таңғы күндізгі саудасында 330,43 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осылайша, ұлттық валюта 2 теңгеге әлсіреді.
Сауданың минималдық құны - 329,05 теңге, ал максималдық құны 331,43 теңге болды. Сауданың жалпы көлемі 100,4 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 330,2-331 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Brent маркалы мұнай бағасы Астана уақытымен сағат 15.20-да барреліне 52,7 доллар болды.