KASE қор биржасының таңғы саудасының қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 334,34-ке тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ал 30 қарашадағы күндізгі саудада бағам 341,14-ке тең еді.

2 желтоқсанда таңғы саудада бірінші келісім 336,94 теңгемен басталды. Минималды құны 333,9-ға тең болды. Максималды құны 336,94 теңгеге жетті. Сауда көлемі 57 миллион доллар болды. Brent маркалы мұнай бағасы Ice биржасында Астана уақытымен сағат 10.45-те бір баррелі 53.31 долларға тең болды. Kurs.kz мәліметінше, айырбас пункттерінде доллар 334-335.5 теңгеге бағаланып отыр.