02 тамыз 2016 | 09:16

Ұлттық валюта осы аптада 380 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Forex Club компаниялар тобының сарапшысы Айдар Қалиасқар ұлттық валюта долларға қатынасында осы аптада 380 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін деген болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Forex Club компаниялар тобының сарапшысы Айдар Қалиасқар ұлттық валюта долларға қатынасында осы аптада 380 теңгеге дейін әлсіреуі мүмкін деген болжам айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, бүгінде инвесторларға мұнай бағасының алдағы уақытта түсуі ауыр тиіп жатыр. "Маусым айындағы максимумның тереңдігі 20 пайызға келе жатыр. Бұл нарықтың шикізат бойынша күрделі тенденцияға ұшырап жатқанын білдіреді. 43 доллар межеге қол жеткенде 40 доллар деңгейіне дайындала беру қажет, бұл теңге бағамының тағы да алты пайызға әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін", - деп атап өтті сарапшы.

Оның айтуынша, америкалық статистиканың әсерін ұмытпау керек: егер еңбек нарығы бойынша мәліметтер қуатты болып шықса, доллар нарықтың барлық спектрі бойынша күшейеді. Осылайша, апта соңында доллар/теңге жұбының 360 және әрмен қарай 380 доллар көрсеткішіне дейін түсуі ықтимал.

Ал мұнай бағасы жайлы сұраққа жауап бере отырып, ол баррелінің құны 40 доллар шамасында болатынын болжады. Ал бұған әлем нарығындағы мұнай қорының шамадан асып кетуі мүмкін деген қорқыныш әсер етіп отыр екен. Оның үстіне АҚШ-тағы мұнай бұрғылаушылардың өнімі артып келеді. 

Еске салайық, осыған дейін Іскерлік әкімшіліктендірудің докторы Ерлан Ибрагим Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлттық валютаның әлсіреуі сақталатынын айтқан еді. Оның айтуынша, тамыз айының соңына дейін доллар 350-360 теңге аралығында саудаланады. "Теңгенің әлсіреуіне маңызды факторлар әсер етіп отыр. Мысалы, елдегі экономикалық жағдай, мұнай бағасының төмендеуі мен базалық мөлшерлеменің төмендеуі", - деді Ерлан Ибрагим. Ал кейін Ұлттық банк өкілдері теңгенің неліктен әлсіреп жатқанын түсіндірді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети