Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 7 қыркүйектегі таңғы саудасында долларына 337,8 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап.
Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 7 қыркүйектегі таңғы саудасында долларына 337,8 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап.
Таңғы сессияның саудасы 338,50 теңгемен аяқталды. Келісімнің минималдық құны - 336,85 теңге. Астана уақыты бойынша сағат 11.07 жағдайында ICE биржасының мәліметінше, қыркүйектегі фьючерстердің Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 47,56 доллар болды. Kurs.kz мәліметінше, айырбас орындарында доллар 337-339 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.