Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 339,67-ге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдындағы сессия 340,62 теңге көрсеткішімен аяқталған еді.

Күндізгі сессияда бірінші келісім 341,2 теңгемен басталды. Осы көрсеткіш максималдық құны болып тіркелді. Ал минималдық құны 338,3 теңгеге тең болды. Сауда көлемі 62,15 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 338-341,2 теңге аралығында саудалап жатыр.
Айта кетейік, Астана уақыты бойынша 18 тамызда сағат 13.08-де Brent маркалы мұнайдың баррель құны 50,01 доллар болды.