Ұлттық банк төрағасы теңгенің қашан нығаятынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы теңгенің қашан нығаятынын айтты © Амир Абдулхаимов

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңгенің қашан нығаятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңгенің қашан нығаятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақышев жыл соңында шетелдік валютаның ұсынысы жоғары болуына байланысты теңгенің нығаю мүмкін екенін айтты.

"Қазіргі уақытта валюта саудасы толықтай тұрақталды. Айырбастау бағамы мұнай бағасы мен серіктес елдердегі валюта бағамына байланысты өзгереді. Айырбастау бағамына айтарлықтай өзгертулер енгізуге негіз болатындай ештеңе көріп тұрғанымыз жоқ. Сонымен қатар, жыл соңында салық төлеу үшін экспортерлер тарапынан шетелдік валютаның ұсынысы көбейеді, сол себепті теңге нығаюы мүмкін", - деді Ақышев үкімет отырысының кулуарында. 

Еске салайық, Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 7 қарашадағы таңғы саудасында 332,51 теңгеге тең болды. 7 қарашадағы таңғы сауданың максималдық құны 332,8 теңге болды, ал минималдық құны - 332,2 теңге. Сауданың жалпы көлемі 30,8 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валюта бағамы айырбастау пункттерінде 332-333,7 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астана уақытымен сағат 11.06-да Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 64,19 доллар болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети