Ұлттық валюта бағамы 333 теңгеге дейін нығайды

© Tengrinews.kz

?лтты? валюта ба?амы KASE ?ор биржасыны? 4 ?азанда?ы та??ы саудасында долларына 333,28 те?геге те? болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа м?ліметтеріне сілтеме жасап. Еске салайы?, жа?ында сауданы? ?орытындысында ?лтты? валютаны? орташа ба?амы 335,09 те?геге те? еді.

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 4 қазандағы таңғы саудасында долларына 333,28 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап. Еске салайық, жақында сауданың қорытындысында ұлттық валютаның орташа бағамы 335,09 теңгеге тең еді.

4 қазандағы бірінші келісімдер 334 теңгемен басталды. Максималдық құны - 334,5 теңге. Сауда көлемі 42 миллион долларға тең болды. Астана уақыты бойынша сағат 10.47 жағдайында ICE биржасының мәліметінше, Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының құны барреліне 50,73 доллар болды. Kurs.kz мәліметінше, айырбас орындарында доллар 333-334,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесінің 12,5 пайызға төмендегені хабарланған болатын. Cондай-ақ, Данияр Ақышев валюта нарығындағы ахуалдың қалыпқа келгенін айтқан еді. 

Реклама
Реклама

 

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама