Данияр Ақышев жаңа девальвация туралы қауесетке қатысты пікір білдірді

04 Тамыз 2016, 12:20
0
Данияр Ақышев жаңа девальвация туралы қауесетке қатысты пікір білдірді - Данияр Ақышев © Tengrinews.kz
Данияр Ақышев © Tengrinews.kz

Айырбас бағамының өзгеруіне себеп жоқ. Осылайша ҚР Ұлттық банк төрағасы ақпарат құралдарында ұлттық валюта бағамының долларға қатысы айтарлықтай әлсіреуі туралы жарияланған болжамдарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта теңгенің бағасы еліміздегі сыртқы және ішкі жағдайларға жауап ретінде өзгеріп отыр. Ақша-кредит саясатында да теңгерімсіздік байқалмайды. Айырбас бағамы айтарлықтай өзгереді деп айтуға ешқандай негіз жоқ", - деді Ұлттық банктің төрағасы.

Сонымен қатар, ол Ұлттық банктегілердің айырбас бағамының еркін ауытқу саясатының аясында бағамға ешқандай шектеу қоймайтынын айтты. "Ұлттық банктің операциялары ауқымды өзгерістер мен тұрақсыздыққа шектеу қоюға бағытталған. Қазір мұнайдың бағасы барреліне 40 доллар болып тұр. Ал теңгенің рубльге қатысы 4,6-дан 5,3 теңгеге дейін әлсіреді. Осы жағдайларда ұлттық валюта бағамы сақталады. Егер де мұнайдың бағасы барреліне 35 доллардан төмен болса және рубль барреліне 70 доллардан асып кетсе, теңгенің бағамы өзгеруі мүмкін", - деп түсіндірді Данияр Ақышев.

Еске салайық, осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Назарбаевқа теңгенің әлсіреу себебін айтып берген болатын. Кездесу барысында Данияр Ақышев Елбасына Ұлттық банктің ағымдағы қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары туралы, сонымен қатар елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай