Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ұлттық банк төрағасы Назарбаевқа теңгенің әлсіреу себебін айтып берді

03 Тамыз 2016, 14:28
0
© Akorda.kz
© Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Данияр Ақышев Елбасына Ұлттық банктің ағымдағы қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары туралы, сонымен қатар елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.

Елбасы ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету, республиканың банкі жүйесін дамыту және екінші деңгейлі банктер арқылы экономиканы несиелендіру көлемін арттыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажеттілігіне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ теңге бағамымен байланысты жағдайға қатысты тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

"Еркін айырбас бағамын енгізу туралы шешім дұрыс болды. Алайда, қазір белгілі келеңсіз жағдайлар орын алуда және оның себептерін тұрғындарға түсіндіру қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы ұлттық валютаның долларға қатысты бағамының әлсіреуіне әсер еткен бірнеше факторды атап өтті.

"Биылғы алғашқы алты айда мұнай бағасы барреліне 27-ден 52 долларға қымбаттады, алайда шілдеде 52-ден 42 долларға –15 пайызға арзандады. Барлық шикізат экспорттайтын дамушы елдерде осындай жағдай орын алды. Олардың ұлттық валюталары Қазақстандағы сияқты бекіп, кейіннен 2-3 пайызға төмендеді. Шілдеде теңге шартты түрде 4,2 пайызға әлсіреді, бұл қалыпты өзгеріс деп санаймыз. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды. Алдағы уақытта бағам қандай да бір жағдайларға байланысты өзгереді деп күтілмейді. Теңгенің еркін айырбас бағамы жағдайындағы 2016 жылғы шілдедегі тербелісі ішкі экономикалық тұрақтылық үшін ешқандай қауіп төндірмейді", - деді Ақышев.

Бұдан бөлек, Ұлттық банктің төрағасы елдегі инфляция үдерістерін ұстап тұру бойынша жүргізіп жатқан жұмыс туралы мәлімдеді.

"Жыл басынан бастап инфляция өсімі 5,2 пайызды құрады. Осы көрсеткіште 2015 жылғы қыркүйек-қараша айларында баға тез өскен кезеңдегі бағамның түзету әсері қарастырылған. Бұл әсер енді артта қалды. Жылдың қорытындысы бойынша біз үкімет көздеген 6-8 пайыздық инфляциялық дәлізге қол жеткіземіз деген сенім бар", - деді Данияр Ақышев.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай