Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 325,49 теңгеге тең болды. Еске салайық, өткен аптадағы күндізгі доллар бағамы 327,43 теңге болған.
Таңғы сауданың максималдық құны - 326,6 теңге болды, ал минималдық құны - 325,01 теңге. Сауданың жалпы көлемі 73,95 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 325,5-325,8 аралығында.