©tuomenoksa.net
"Қазагромаркетинг" АҚ сарапшылары 2014 жылдың 18 ақпанында баға мониторингін өткізіп, нәтижесінде ұлттық валюта бағамының өзгеруі нарыққа біршама әсер еткенін алға тартады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі аталмыш компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Мәселен, аталған компания зерттеулеріне сәйкес, Астанада қант бағасы 22%-ға өсіп, келісіне 182 теңгеге жетсе, Павлодар мен Петропавлда қант 11%-ға, Өскеменде 8%-ға, Ақтөбеде 7%-ға қымбаттаған. Ал Көкшетау, Қарағанды, Алматы, Орал мен Таразда қанттың бөлшек саудадағы бағасының өсімі 2-4% аралығында орын алды. Компания сарапшыларының пайымынша, Астана мен Алматыдағы бөлшек сауда нысандарында қантты сату көлемі азайған, оның себебі көтерме саудамен айналысушы кәсіпкерлердің қантты жеткізу мөлшерін қысқартуымен байланыстырылады. Дәл осы себептен 1 сұрыпты ұнның бағасы да артып отыр. Айталық, Ақтөбеде 1 сұрыпты ұнның орташа бөлшек сауда бағасы 9%-ға, Атырауда 8%-ға, Көкшетауда 6%-ға өскен. Астана, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Павлодар, Петропавл мен Шымкентте ұн бағасы бірқалыпты. Басқа қалаларда ұн бағасының өсімі 3%-дан аспайды. Ал жекелеген қалалардағы кейбір азық-түлік түрлерінің едәуір қымбаттауына келсек, Шымкентте макарон өнімдерінің бағасы 12%-ға артқан. Сонымен қатар бұл қалада пияз айтарлықтай, нақтылай келсек, 20%-ға қымбаттаған. Ақтөбеде барлық дерлік жарма түрлері 5%-дан 9%-ға дейін қымбаттаған. Нақты айтқанда, күріш 9%, ақтаған арпа жармасы 5%, қарақұмық 5%, сұлы жармасы 8%, арпа жармасы 8% және ұнтақ бидай жармасы 9%-ға қымбаттай түскен. Сонымен қатар бұл қалада өзге де бакалея өнімдерінің бағасы көтерілген: күнбағыс майы 6%, жұмыртқа 7%, қара түйіршіктелген шай 5%, макарон өнімдері 8% қымбаттаған. Сүт өнімдерін алсақ, ірімшік бағасы 16%-ға артқан. Импорттық тауардың қымбаттауы салдарынан Павлодарда сүт өнімдері бағасы өсіп шықты: ірімшік 21%, сарымай 16% және сүзбе 10% қымбаттаған. Сүт, қаймақ пен айран бағасы бірқалыпты, себебі бұл өнімдер негізінен жергілікті өндіріс есебінен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бірқатар қалаларда сүт өнімдерінің 10% шамасында қымбаттауы тіркелген: Астанада сүт пен қаймақ бағасы 8%, ірімшік бағасы 5% өскен. Айран мен сүзбе елордада арзандаса, сарымай бағасы қалыпты. Таразда сүт құны 7% өссе, Қарағандыда ірімшік 8% қымбаттаған. Петропавлда айран мен сүзбенің бөлшек сауда бағасы тұрақты, ал бағалары өскен - сүт (4%), қаймақ (6%), ірімшік (9%) пен сарымай (7%). Тауықтың сан еті Қостанай мен Астанада 12%-ға, Павлодарда 9% және Өскеменде 6%-ға қымбаттаған. Талдықорған, Қызылорда, Ақтау, Петропавл мен Шымкентте бұл өнімнің бағасы сол қалпы. Басқа қалаларда тауық сан етінің бағасы 4% көлемінде өскен. Тоқтала кететін жайт, жеміс пен көкөніс бағасы қазіргідей маусымаралық кезеңде онсыз да өсетін. Дегенмен, қазір бұл өнімдер бағасына девальвация да әсер еткен.
"Қазагромаркетинг" АҚ сарапшылары 2014 жылдың 18 ақпанында баға мониторингін өткізіп, нәтижесінде ұлттық валюта бағамының өзгеруі нарыққа біршама әсер еткенін алға тартады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі аталмыш компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мәселен, аталған компания зерттеулеріне сәйкес, Астанада қант бағасы 22%-ға өсіп, келісіне 182 теңгеге жетсе, Павлодар мен Петропавлда қант 11%-ға, Өскеменде 8%-ға, Ақтөбеде 7%-ға қымбаттаған. Ал Көкшетау, Қарағанды, Алматы, Орал мен Таразда қанттың бөлшек саудадағы бағасының өсімі 2-4% аралығында орын алды.
Компания сарапшыларының пайымынша, Астана мен Алматыдағы бөлшек сауда нысандарында қантты сату көлемі азайған, оның себебі көтерме саудамен айналысушы кәсіпкерлердің қантты жеткізу мөлшерін қысқартуымен байланыстырылады. Дәл осы себептен 1 сұрыпты ұнның бағасы да артып отыр. Айталық, Ақтөбеде 1 сұрыпты ұнның орташа бөлшек сауда бағасы 9%-ға, Атырауда 8%-ға, Көкшетауда 6%-ға өскен. Астана, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Павлодар, Петропавл мен Шымкентте ұн бағасы бірқалыпты. Басқа қалаларда ұн бағасының өсімі 3%-дан аспайды.
Ал жекелеген қалалардағы кейбір азық-түлік түрлерінің едәуір қымбаттауына келсек, Шымкентте макарон өнімдерінің бағасы 12%-ға артқан. Сонымен қатар бұл қалада пияз айтарлықтай, нақтылай келсек, 20%-ға қымбаттаған.
Ақтөбеде барлық дерлік жарма түрлері 5%-дан 9%-ға дейін қымбаттаған. Нақты айтқанда, күріш 9%, ақтаған арпа жармасы 5%, қарақұмық 5%, сұлы жармасы 8%, арпа жармасы 8% және ұнтақ бидай жармасы 9%-ға қымбаттай түскен. Сонымен қатар бұл қалада өзге де бакалея өнімдерінің бағасы көтерілген: күнбағыс майы 6%, жұмыртқа 7%, қара түйіршіктелген шай 5%, макарон өнімдері 8% қымбаттаған. Сүт өнімдерін алсақ, ірімшік бағасы 16%-ға артқан.
Импорттық тауардың қымбаттауы салдарынан Павлодарда сүт өнімдері бағасы өсіп шықты: ірімшік 21%, сарымай 16% және сүзбе 10% қымбаттаған. Сүт, қаймақ пен айран бағасы бірқалыпты, себебі бұл өнімдер негізінен жергілікті өндіріс есебінен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар бірқатар қалаларда сүт өнімдерінің 10% шамасында қымбаттауы тіркелген: Астанада сүт пен қаймақ бағасы 8%, ірімшік бағасы 5% өскен. Айран мен сүзбе елордада арзандаса, сарымай бағасы қалыпты. Таразда сүт құны 7% өссе, Қарағандыда ірімшік 8% қымбаттаған. Петропавлда айран мен сүзбенің бөлшек сауда бағасы тұрақты, ал бағалары өскен - сүт (4%), қаймақ (6%), ірімшік (9%) пен сарымай (7%).
Тауықтың сан еті Қостанай мен Астанада 12%-ға, Павлодарда 9% және Өскеменде 6%-ға қымбаттаған. Талдықорған, Қызылорда, Ақтау, Петропавл мен Шымкентте бұл өнімнің бағасы сол қалпы. Басқа қалаларда тауық сан етінің бағасы 4% көлемінде өскен.
Тоқтала кететін жайт, жеміс пен көкөніс бағасы қазіргідей маусымаралық кезеңде онсыз да өсетін. Дегенмен, қазір бұл өнімдер бағасына девальвация да әсер еткен.