12 шілде 2021 | 16:01

Вице-министр Қазақстандағы тұрғын үй бағасына болжам жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов Фото: TENGRINEWS/Тұрар Қазанғапов

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасына болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Баға болжамына келсек. Тұрақты мониторинг жүргіземіз. Егер қаңтарда жаңа тұрғын үй бағасы 3,8 пайызға күрт көтерілсе, екінші реттік тұрғын үй бағасы 7,2 пайызға өсті. Маусымда қайталама тұрғын үйге 1,2 пайыз, ал жаңа тұрғын үйге 0,9 пайыз қосылды", - деді Өскенбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ол Петропавлда қаңтар-ақпанда қайталама тұрғын үй бағасы 5,6 пайызға және 4,6 пайызға өскені байқалғанын, ал сәуірде 2,4 пайызға дейін төмендеп, сол деңгейде сақталғанын айтты.

"Жыл басында өсім байқалса, маусым-шілдеде баға тұрақталуы тиіс. Зейнетақыны пайдалануға байланысты тұрғын үйге деген сұраныс көбейгендіктен пәтер қымбаттады. Қазірдің өзінде баға тұрақталып келеді. Менің жеке болжамдарым бойынша қыркүйекке қарай баға төмендеуі керек", - деді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети