25 қазан 2016 | 11:46

Заңды тұлғалардың депозиттері 52,5 пайызға дейін төмендеді - Ұлттық банк

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев қазіргі кезде теңгедегі активтерге деген сенімді қалпына келтірудің және депозиттерді долларландыруды төмендетудің оң үрдістері байқалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев қазіргі кезде теңгедегі активтерге деген сенімді қалпына келтірудің және депозиттерді долларландыруды төмендетудің оң үрдістері байқалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Халықтың және кәсіпорындардың валюталық басымдықтары өзгеріп, теңгедегі салымдардың үдемелі өсуі байқалады. Қыркүйектің қорытындысы бойынша шетел валютасындағы депозиттер үлесі 2016 жылғы қаңтардан бастап 70%-дан 58,3%-ға дейін, оның ішінде халықтың депозиттері 80%-дан 66,6%-ға дейін, заңды тұлғалардың депозиттері 62%-дан 52,5%-ға дейін төмендеді. Көбінесе бұған Ұлттық Банктің теңгедегі құралдардың тартымдылығын арттыру шаралары ықпал етті (жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ең жоғарғы мөлшерлемелер 2016 жылғы ақпанда 10%-дан 14%-ға дейін артты және шетел валютасындағы депозиттер бойынша 3%-дан 2%-ға дейін төмендеді)", - деді Ақышев

Ол банктердің экономикаға кредиттерінің қалдығы ағымдағы жылы өзгерген жоқ - 12,7 трлн. теңге болғанын атап өтті. Алайда, 2016 жылғы 9 айда берілген кредиттердің көлемі 525 млрд. теңгеге ұлғайып, 7,2 триллион теңге болды. Бұл ретте, ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша, берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің қаңтардағы 23,7%-дан қыркүйекте 16,3%-ға дейін төмендеуі байқалып отыр.

"Тұтастай алғанда, қаржы нарығындағы ахуал тұрақты болып қалуда. Жұмыс істемейтін қарыздардың үлесі 2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банктердің жиынтық несие портфелінің 8,4%-ын (2016 жылғы 1 қаңтарда - 8,0%) құрады.Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады. Ел экономикасындағы дағдарысты құбылыстардың сақталуы жағдайында Ұлттық Банк қаржы нарығын реттеудің контрциклдық сипатын ұстанады, банк секторының жағымсыз оқиғаларға орнықтылығын тұрақты бағалауды жүргізеді", - деп қорытындылады Данияр Ақышев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети