АҚШ Израильден “Иранға жауабын” тоқтата тұруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Израильден “Иранға жауабын” тоқтата тұруды сұрады Фото: The White House

АҚШ қауіпсіздік мақсатында 8 маусымда Иерусалим мен Тель-Авивтегі елшілігі мен консулдық бөлімдерінің жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


АҚШ қауіпсіздік мақсатында 8 маусымда Иерусалим мен Тель-Авивтегі елшілігі мен консулдық бөлімдерінің жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ елшілігі сондай-ақ Израильдегі барлық америкалық мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне баспаналарда қалуды және "қызыл дабыл" сигналы берілген жағдайда дереу қорғалған орындарға өтуге дайын болуды бұйырды.

Израиль Бейрутқа соққы жасағаннан кейін, ал Иран бұған жауап ретінде бірнеше толқынмен зымырандық шабуыл жасаған соң, Таяу Шығыстағы бітімге қауіп төнді.

Axios ақпаратынша, Трамп Иранмен берік келісімге келу үмітін үзуі мүмкін қақтығыстың өршуіне жол бермеуге тырысып жатыр.

Америкалық шенеунік Axios басылымына: "Біз бұған қатыспаймыз", - деп мәлімдеді, бірақ Трамптың АҚШ әскерилеріне Израильдің Иранға соққы жасауына, әсіресе әуеде жанармай құю және әскери үйлестірудің басқа да түрлері бойынша көмек көрсетпеу туралы бұйрық берер-бермесі белгісіз.

"Иранның соққылары ешкімге зиян келтірген жоқ. Израиль соққыға соққымен жауап бермейді деп үміттенемін. Егер Биби қарымта соққы жасаса, бәрі соңғы 47 жылдағыдай - немесе соңғы 3000 жылдағыдай жалғаса береді", - деді Трамп Axios басылымына берген сұхбатында.

Соған қарамастан, Израиль Қорғаныс армиясы Бас штабының бастығы "дәл қазір әскери жоспарларды бекітіп жатыр", деп хабарлады ЦАХАЛ-дың ресми өкілі, бригадалық генерал Эффи Дефрин.

Кейінірек БАҚ Трамп пен Израиль премьер-министрі арасында 30 минуттық телефон арқылы сөйлесу өткенін хабарлады. Уашингтон жалғасып жатқан келіссөздер аясында Израильді Иранға соққы жасауды бірнеше күнге шегере тұруға шақырды.

Израильдік Ynet басылымының хабарлауынша, АҚШ Израильге "бірнеше күн күте тұру" туралы белгі берген. Осыдан кейін Иранмен келісімге келудің сәті түсуі мүмкін.

Кері жағдайда, дереккөздердің айтуынша, тараптар "бұл мүмкіндікті шектеулі соққылармен алмасуға жұмсаудың орнына", бұрын келісілген бірлескен іс-қимылдарға көшуі мүмкін.

Айта кетейік, Таяу Шығыста ахуал шиеленісті. Атап айтқанда, Иран өз әуе кеңістігін жапты, Ирак пен Сирия аспанында да азаматтық ұшақтар ұша алмайды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.24   566.56   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +28
Ақтау +20
Ақтөбе +16
Атырау +20
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +28
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +28
П
Павлодар +24
Петропавл +28
С
Семей +27
Т
Талдықорған +30
Тараз +30
Түркістан +18
О
Орал +25
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер