Сирияда ел президенттігі тағына үш үміткер анықталды, - деп хабарлайды AFP. 3 шілдеде өтетін сайлауға қазіргі мемлекет басшысы Башар Асад та қатыспақшы.
Сирияда ел президенттігі тағына үш үміткер анықталды, - деп хабарлайды AFP. 3 шілдеде өтетін сайлауға қазіргі мемлекет басшысы Башар Асад та қатыспақшы.
Жоғары конституциялық сот Сирия парламентінің депутаты Махер Абдель Хафиз Хаджараның, әкімшілік басқару бойынша министр Хасан Абдалла әл-Нуридің және қазіргі президент Башар Хафез әл-Асадтың өтінішін мақұлдаған. Сарапшылар болжамына сәйкес, Асадтың сайлауда жеңіске жетуге мүмкіндігі бар.
2014 жылдың наурыз айынан бастап Сирияда бірнеше үміткердің қатысуын қарастыратын сайлау туралы жаңа заң іске қосылғанын айта кетелік. Бұған дейін басқарушы партия ғана президенттікке үміткер ұсына алған, кейіннен оны парламент бекітіп, сол үміткерді қолдау мақсатында референдум өткізілетін. Үміткердің жасы 40-тан төмен болмауы керек, сонымен қатар соңғы 10 жыл бойы Сирияда өмір сүрген болуы тиіс.
Башар Асад 2000 жылы президент болды. 2007 жылғы референдум қортындысы бойынша ол сайлаушылардың 97,5 пайыз дауысына ие болған.
Еске сала кетелік, БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, Сирияда төртінші жыл қатарынан 130 мыңға жуық адамның өмірін қиған әскери қақтығыс жалғасып келеді. Үкіметтік әскер әртүрлі қарулы құрылымдарға тиесілі сарбаздар жасағымен күресуде. Кейбір дерек көздерінің айтуынша, билікке қарсы шыққан содырлар шетелдіктердің жалдамалылары.