Иран жүргізіліп жатқан бейбіт келіссөздер мағынасыз болуы мүмкін айтты. Бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Пезешкианның айтуынша, "сионистік режимнің" Ливанға жасаған қайталама шабуылдары бастапқы атысты тоқтату туралы келісімді өрескел бұзу және бұл алдау мен ықтимал уағдаластықтарды орындамаудың қауіпті белгісі.
"Шабуылдардың жалғасуы келіссөздерді мәнсіз етеді. Біз саусағымызды шүріппеден алмаймыз және Иран ешқашан ливандық бауырлары мен қарындастарын қалдырып кетпейді", - деп жазды ел президенті.