Израильде Газа секторында 72 сағатқа белгіленген бітім 1 тамызда таңертен бұзылғанан кейін зымыран соққысынан бір тәулікте 100-ден астам адам қаза тапты, деп хабарлайды "Русская служба BBC" палестиналық билікке сілтеме жасай отырып. РИА Новостидің мәліметінше бітім бұзылғаннан кейін Газа секторында бір тәулікте 180-нен астам адам қаза таптқан.

"Русской службы BBC" деректеріне сәйкес, сектордың оңтүстігіндегі Рафах қаласының маңында көп адам құрбан болған. Сондай-ақ екі израильдік солдат та қаза тапқан. Израиль билігі тағы бір әскери сарбаз Хадар Голдинді ХАМАС сарбаздары тұтқынға алуы мүмкін деп болжап отыр. Алайда ХАМАС сарбаздары мұны жоққа шығаруда.
Естеріңізге сала кетейік, Израиль 7 шілдеден бастап Газа секторында "Берік қамал" әскери операциясын өткізуде. Ондағы мақсат зымыранды, ХАМАС әскери потенциялын жаруды тоқтату болатын. Израильдің әрекеттері 17 шілдеге дейін ауадан және судан дистанциялық ату болды. Алайда одан кейін израиль әскері Газа секторына құрлықта шабуыл жасады. Осы уақытқа дейін 1,3 мың палестиналық қаза тапты.