"Ислам мемлекеті" америкалық қарулар сақталған қойманы жаулап алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Thetog.qr ©Thetog.qr

"Ислам мемлекеті" содырлары Ирактағы америкалық қарулардың қоймасын жаулап алды, - деп хабарлайды Newsru.co.il.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Ислам мемлекеті" содырлары Ирактағы америкалық қарулардың қоймасын жаулап алды, - деп хабарлайды Newsru.co.il.

Жаулап алынған қойма Бағдадтың солтүстік-батысындағы Анбар ауданында орналасқан. Содырлар ондаған дана ірі калибрлік пулемет пен винтовканы иемденді. Басылым тәуелсіз дереккөздердің қойманың басып алынғанын әзірше растамай отырғанын жазады.   

Лондондағы Conflict Armament Research зерттеу институты жариялаған ескепке қарағанда, "Ислам мемлекеті" америкалық қару-жарақ пен әскери жабдықтардың көп бөлігін алған. Бұл қару-жарақтың көбін содырлар бірнеше ай бұрын Ирак армиясын жеңгеннен кейін иемденіпті. Мұнымен қатар, содырлар Сирия оппозициясының бөлімшелерімен болған атыс кезінде қару-жарақ арсеналын қолға түсірген.  

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" Ирак пен Сирия территориясының көп бөлігін жаулап алды. Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жеткен содырлар тобы жаулап алынған жерлерде халифат жариялап, аумағын кеңейтуге тырысып жатыр."Ислам мемлекеті" тобы Сирияда үкіметтік жасақтарға қарсы соғысса, Иракта жергілікті әскерилер мен күрд халық жасақтары арасындағы соғысқа араласады. Қарулы қақтығыстарда бірнеше мың бейбіт тұрғын қаза болып, жүздеген адам босқын болды және бірнеше мың адам кепілге алынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro