Израильдің Әскери-әуе күштері Дамаск халықаралық әуежайына жақын маңдағы қару-жарақ қоймасына соққы берді, - деп хабарлайды РИА Новости Сирия әскерінің Бас штабындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Израильдің Әскери-әуе күштері Дамаск халықаралық әуежайына жақын маңдағы қару-жарақ қоймасына соққы берді, - деп хабарлайды РИА Новости Сирия әскерінің Бас штабындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
"Израиль Әскери-әуе күштері қару-жарақ қоймасына әуе соққысын жасады, одан халықаралық әуежайы маңында үлкен жарылыс болды", - деп мәлімдеді ақпарат көзі. Оның мәліметінше, жарылыстардың дыбысы Дамаск әуежайы маңынан және Сирия астанасының іргесіндегі Әл-Димас қаласынан естіліп тұрды. Сирия әскерінің Бас штабы Израильдің осы операциясына арналған арнайы коммюнике шығарады.
Ливан ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль Әскери-әуе күштерінің әуе соққысына нысана болған қару-жарақ арсеналы Ливанның "Хезболла" исламдық қарсы тұру ұйымына арналған. Әуе соққысы салдарынан қанша адамның құрбан болғаны туралы мәлімет жоқ. Израиль тарапы әзірше оқиғаға қатысты түсінік бере қоймады.