Израиль премьері өзінің өлімі туралы қауесеттерге жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Израиль премьері өзінің өлімі туралы қауесеттерге жауап берді видео кадры

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзінің жоғалып кеткені және қаза болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді. Ол қысқа видео түсіріп, желіге жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өзінің жоғалып кеткені және қаза болуы мүмкін деген қауесеттерге қатысты пікір білдірді. Ол қысқа видео түсіріп, желіге жүктеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кадрларда Нетаньяху Израильдегі дәмханалардың бірінде кофеге тапсырыс беріп, сұрақтарға жауап береді. Кадр сыртындағы дауыс одан өзінің қазасы туралы қауесеттерге пікір беруді сұрайды.

"Мен кофені өлердей жақсы көремін. Халқымызды да өлердей жақсы көремін. Адамдардың мінез-құлқы таңғалдырады", - дейді ол жымиып.

Нетаньяху иврит тіліндегі ауыспалы мағынасында "бір нәрсені қатты жақсы көру" дегенді білдіретін "өлі" сөзін ойнатып, жауап берген.

Бұған дейін, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) мәліметінше, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне жасалған соққы туралы хабарлаған болатын. ИРСК дерегі бойынша. нысандар нысанаға алынып, айтарлықтай зақым келген. Кейінірек премьер кеңсесінің бірнеше жоғары лауазымды қызметкері қаза тапқаны белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 479.29   550.69   5.85 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети