Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак бостандыққа шықты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак бостандыққа шықты, - деп хабарлайды РИА Новости Мысырдың пенитенциарлық ведомствосының басшысы Хасан Сухагиге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак бостандыққа шықты, - деп хабарлайды РИА Новости Мысырдың пенитенциарлық ведомствосының басшысы Хасан Сухагиге сілтеме жасап.

Хосни Мүбарак 9 мамырда шыққан сот шешіміне қарамастан қамаудан босатылды. Ол кезде мысырдың экс-президенті мен оның екі ұлы Әли мен Гамал жемқорлықпен айналысқандары үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған еді. Дегенмен, тергеу амалдарының үш жылға созылғаны белгілі болды. "Бас прокуратура істі тергеу уақыты үш жылға созылғандықтан, ол өз айыбын толық өтегенін хабарлады", - деді жергілікті ақпарат құралдары. Бұрынғы президенттің ұлдары әлі де қамауда отыр. 

Тергеу мәліметтері бойынша, Хосни Мүбарак пен оның ұлдары мемлекет басшысының сарайын жөндеуге бюджеттен бөлінген 18 миллион долларды заңсыз иемденген. Дегенмен, қаржының экс-президент отбасының жеке үйі мен кеңселерін жөндеуге және оның дизайнына жұмсалғаны белгілі болды. Жергілікті ақпарат құралдары процесті "сарай туралы іс" деп атап кетті. Айта кетейік, кассациялық сот бұл іс бойынша экс-президентті ақтап шықты, дегенмен іс қайта қарауға жіберілді.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro