Ресей мен АҚШ Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу бойынша өзара ымыраға келе алмады, - деп хабарлайды РИА Новости. Алайда аумақтағы басты қауіп-қатер лаңкестік екенін мойындауда қос тараптың көзқарасы сайма-сай келді.

"Біз сондай-ақ Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігіндегі жағдайды талқыладық. Бұл арада басты қатер - "Ирак және Леванта ислам мемлекеттері" және "Джабхат-ан-Нусры" сынды басқа да лаңкестік топтардың, өзге де экстремистердің төндіріп отырған қаупіне ерекше мән берілді", - деді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ол лаңкестермен халықаралық құқық негізінде күресу қажеттігін айтты. "Біз бұл мәселеде Сирия үкіметімен әріптесетін құқықтық, тіпті тәжірибелік себепті көріп отырғанымыз жоқ", - деп нақтылайды министр.
Оның айтуынша, ресейлік тарап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің айтқанын есепке алмаған АҚШ ұстанымына наразы. Ал Вашингтон НАТО лаңкестермен өздігінен күресе алады деп отыр.