Сириялық содырлар 300 адамды ұрлап әкетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сириялық содырлар 300 адамды ұрлап әкетті @REUTERS

"Джебхат ан-Нусра" лаңкестік ұйымының өкілдері Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб қаласының шетіндегі Аль-Дана елді мекенінен 300-ге жуық куртті ұрлап әкетіп, тұтқынға алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Джебхат ан-Нусра" лаңкестік ұйымының өкілдері Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб қаласының шетіндегі Аль-Дана елді мекенінен 300-ге жуық куртті ұрлап әкетіп, тұтқынға алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сириялық содырлар ұрлап әкеткен адамдардың көбі - балалар. Айта кетейік, 28 мамыр күні қоршауға алынған 100 мыңға жуық тұрғыны бар Идлаб қаласы Раккиден кейінгі түгелдей қоршауға алынған екінші қала болып отыр.

Бес күнге созылған қиян-кескі қақтығыстан кейін жалпы саны 3,5 мың болған Сирия әскерінің қолбасшылығы Идлиб қаласынан шегінді. Ақпарат құралдарының мәліметінше, қаланың адамдар көп қоныстанған бөлігінде мыңдаған снаряд пен ракета құлады. Кейін сириялық содырлар Идлибті өздерінің астанасы етіп жариялады.

Осыған дейін Сирия мен Иракта болып жатқан соғысқа Батыс Еуропаның үш мыңға жуық тұрғынының қосылғаны хабарланған болатын. Бұл жайында Лондонда өткен Халықаралық радикалдандыру пен саяси зорлық-зомбылықты зерттеу жөніндегі орталықтың есебінде айтылды.

Сириялық содырлар мен Ирактың лаңкестері Францияның, Ұлыбританияның және Германияның азаматтарын белсенді түрде өз қатарына тартып жүр. Исламшыларды жақтаушылардың көп бөлігі Ирландиядан келеді екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети